Вячеслав Ким, Болат Өтемұратов, Тимур Құлыбаев: Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкер анықталды

Forbes Kazakhstan журналы 2026 жылғы Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерінің рейтингін жариялады. Биыл тізімнің алғашқы орнына Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким көтерілді. Ал үздік бестікке Болат Өтемұратов, Тимур Құлыбаев, Нұрлан Смағұлов және Шахмұрат Мутәліп енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл Forbes Kazakhstan еліміздегі ықпалды кәсіпкерлердің тізімін 16-рет жариялап отыр. Рейтинг кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндігіне ғана емес, олардың ел экономикасындағы орнына, ірі компанияларды басқаруына, инвестициялық жобаларына және қоғамдық қызметіне қарай жасалған.

Басылым сарапшыларының пікіріне сүйенсек, кейінгі бір жылда Қазақстандағы ірі бизнес өкілдерінің ықпал ету ауқымына бірқатар маңызды мәміле әсер еткен. Әсіресе банк, тау-кен өндірісі, металлургия, құрылыс және көлік-логистика салаларында болған өзгерістер кәсіпкерлердің рейтингтегі орнын қайта айқындады.

Вячеслав Ким ең ықпалды кәсіпкер атанды

Биыл рейтингтің бірінші орнына 57 жастағы Вячеслав Ким жайғасты. Ол бұған дейін 2023 жылы да Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкер атанған.

Вячеслав Ким – Kaspi.kz компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және оның 20,06% үлесіне иелік ететін акционер. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Kaspi.kz компаниясының жиынтық табысы 4,05 триллион теңгеге, ал таза пайдасы 1,07 триллион теңгеге жеткен.Болат Өтемұратов екінші орынға тұрақтады

Екінші орынға 68 жастағы Болат Өтемұратов шықты. Оның негізгі бизнесі банк, телекоммуникация, жылжымайтын мүлік, білім беру және қонақүй салаларын қамтиды.

Кәсіпкер Қазақстандағы активтер көлемі бойынша бесінші орында тұрған ForteBank акцияларының 91,43%-ына иелік етеді. Сондай-ақ оның активтері қатарында Beeline және IZI брендтерімен жұмыс істейтін “КаР-Тел”, The Ritz-Carlton Astana, Rixos Borovoe және The Carlton Moscow қонақүйлері бар.

Өтемұратов Narxoz University жоғары оқу орнына да иелік етеді. Оның қоры Астана мен Алматыдағы Haileybury мектептерінің капиталына қатысады.

Кәсіпкер халықаралық спорт және мәдениет индустриясына да қаржы құйып келеді. 2025 жылы ол халықаралық MARI компаниясына инвестиция салды. Компанияның активтері арасында Madrid Open, Miami Open және Mubadala Citi DC Open теннис турнирлері, Frieze өнер ұйымы және Barrett-Jackson аукцион үйінің ірі үлесі бар.Үшінші орында – Тимур Құлыбаев

Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлер рейтингінде үшінші орын 60 жастағы Тимур Құлыбаевқа бұйырды.

Ол жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге “Алмэкс” холдингтік тобы арқылы Қазақстан Халық банкінің 61,91% акциясын бақылайды. Бұл – активтерінің көлемі бойынша елдегі ең ірі банк.

Кәсіпкердің компаниялары мұнай-газ, көлік-логистика, медицина, бөлшек сауда және жылжымайтын мүлік салаларында жұмыс істейді.

Құлыбаевқа QazaqOil және Gas Energy жанармай құю желілерінде, PTC Holding, SilkwayTransit және басқа да компанияларда үлестер тиесілі.

Оның бақылауындағы Mercury Properties компаниясы Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау және өзге де қалаларда орналасқан 50-ден астам нысанды басқарады. Бұл жылжымайтын мүліктің жалпы ауданы бір миллион шаршы метрден асады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *