«КешYOU» тобының бұрынғы солисі, әнші Жанар Дұғалова Алматыда өткен Қайрат Нұртастың мерейтойлық концертінде өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанар Дұғалова Қайрат Нұртаспен дуэт айтқан сәттің кадрларын өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Алматы, көп рақмет! Қайрат Нұртас 20 жыл сахнада! Шығармашылық кешің құтты болсын!» — деп жазды әртіс.

Жанар сахнаға күміс түсті көйлекпен шықты. Ал желі қолданушылары әншілерге жылы лебіздерін жаудырды.

«Жанар, өтінемін, жеке концертіңді беріңізші», «Жанар – аңыз әнші», «Дауысы құлаққа жағымды», «Дауысыңыз қайталанбас, ғажап», «Керемет дуэт», «Менің сүйікті әншім», «Жеке концертіңді күтеміз», «Жанар өзгермей ме, керісінше, одан сайын сұлулана түсіпті», «Дауысы от, шынымен өте талантты жан», — деп жазды желі қолданушылары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *