Қазақстанда Қызыл кітапқа енген арқарлар видеоға түсіп қалды

«Арқар – қырағы мінезі, сақ қимылы және табиғи сұлулығымен ерекшеленеді. Сондықтан мұндай сәттердің фототұзаққа түсуі әрдайым қызығушылық тудырады. Осындай кадрлар жабайы жануарлардың тіршілігін бақылауға, олардың мекен ету ортасын зерттеуге және табиғи аумақтардың тынысын тереңірек тануға мүмкіндік береді», — дейді ұйым өкілдері.

«Бұйратау» ұлттық паркі

Парк 2011 жылы құрылған. Ол Ақмола облысының Ерейментау ауданы мен Қарағанды облысының Осакаров ауданы аумағында орналасқан. Парктің жалпы ауданы шамамен 89 мың гектар болады.

Оның негізгі мақсаты — табиғи кешендерді, өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлерін сақтау, сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту.

Парктің флорасы өсімдіктердің 610 түрін қамтиды. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек түрлер, соның ішінде қара қандыағаш, құндызшөп және қау бар.

Паркте сүтқоректілердің 59 түрі және құстардың 205 түрі мекендейді. Сирек жануарлардың қатарында Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқар бар. Сондай-ақ мұнда бұлан, марал, елік, жабайы шошқа және басқа да жануарлар дүниесінің өкілдері кездеседі.

Туристер үшін паркте жалпы ұзындығы 89 шақырымға жуық бес бағыт жұмыс істейді. Табиғи көрікті жерлердің бірі — көне қара қандыағаш өсетін Қараағаш шатқалы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *