2027 жылдан бастап 10 жәрдемақы бойынша жаңа ереже күшіне енеді: Кімдер ала алмайды

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, төлеу, уақытша тоқтату және қайта жалғастыру тәртібі нақтыланды. Енді әлеуметтік төлемдердің бірқатар түрін тағайындау кезінде азаматтардың материалдық жағдайы мен отбасының әлеуметтік әл-ауқаты ескеріледі. Сонымен қатар жәрдемақы алушылардың банк шоттары, несие міндеттемелері және басқа да деректері тексерілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысымен мемлекеттік жәрдемақылардың тізбесі және оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау немесе толық тоқтату шарттары бекітілді. Құжатта жерлеуге берілетін біржолғы төлемнің шарттары да қарастырылған.

Жаңа тәртіптің басты ерекшеліктерінің бірі – әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты мұқтаждығына қарай тағайындау. Алайда бұл талап барлық жәрдемақы алушыға бірдей қолданылмайды.

Қандай жәрдемақылар қамтылған?

Үкімет бекіткен тізбеге мемлекеттік жәрдемақының 10 түрі енгізілген.

Бұл төлемдердің әрқайсысын тағайындаудың өзіндік талаптары бар. Қаулыда олардың қандай жағдайда уақытша тоқтатылатыны және қандай негіздер бойынша толық тоқтатылатыны жеке көрсетілген.

Кімдерге жәрдемақы берілмеуі мүмкін?

Құжатқа сәйкес, жәрдемақылар мен жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау кезінде отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік әл-ауқаты объективті бағаланады.

Бұл ретте азаматтардың әлеуметтік жағдайы бірнеше деңгейге бөлінеді. Атап айтқанда, әл-ауқаты жоғары азаматтар “А” деңгейіне, ал ауқатты азаматтар “В” деңгейіне жатқызылады.

Жаңа тәртіп бойынша әлеуметтік әл-ауқаты осы екі деңгейге сәйкес келетін азаматтарға мұқтаждық қағидаты қолданылатын жәрдемақылар мен жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындалмайды.

Ал әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық, экономикалық тұрғыдан осал немесе экономикалық әрі әлеуметтік тұрғыдан осал санатқа жатқызылған азаматтар тиісті талаптарға сәйкес келген жағдайда төлем ала алады.

Егер жәрдемақы алып жүрген азаматтың әлеуметтік жағдайы қайта бағалау нәтижесінде “А” немесе “В” деңгейіне көтерілсе, мұқтаждық өлшемі қолданылатын жәрдемақыны төлеу уақытша тоқтатылады.

Қазақстанда тағы да жеңілдетілген салық режимі бойынша салықты өзгерту ұсынылды

Қазақстанда тағы да жеңілдетілген салық режимі бойынша салықты өзгерту ұсынылдыОқыңыз

Кейін ай сайынғы бағалау барысында оның әлеуметтік әл-ауқаты төменірек санатқа ауысса, төлем қайта жалғастырылады.

Дегенмен әлеуметтік жағдайды бағалау талабы барлық азаматқа бірдей жүрмейді.

Кімдердің табысы мен әлеуметтік әл-ауқаты бағаланбайды?

Қаулыда бірқатар азаматтарға жәрдемақы тағайындау кезінде әлеуметтік әл-ауқатты объективті бағалау жүргізілмейтіні көрсетілген.

Бұл ерекшелік мына санаттарға қатысты:

Осылайша, аталған санаттарға жататын азаматтардың тиісті жәрдемақыға құқығын анықтау кезінде әлеуметтік әл-ауқат деңгейі негізгі өлшем ретінде қолданылмайды.

Жәрдемақы алу үшін банк пен несие деректерін тексеруге келісім қажет

Жаңа тәртіпте азаматтардың жеке мәліметтерін жинау және тексеру мәселесіне де ерекше мән берілген.

Жәрдемақы немесе жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға үміткер азаматтар, сондай-ақ отбасының кәмелетке толған мүшелері әлеуметтік әл-ауқатты бағалау үшін қажетті жеке деректерді жинауға және тексеруге келісім беруге тиіс.

Тексерілетін мәліметтердің қатарында банк құпиясына және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жататын ақпараттар болуы мүмкін.

Сонымен қатар мемлекет қатысатын кредиттік бюродан азаматтың несие берешегі, ай сайынғы кредит төлемі, мерзімі өткен қарызы және өтелмеген берешегінің қалдығы туралы ақпарат сұратылуы мүмкін.

Бұл деректер отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік әл-ауқатын объективті бағалау үшін пайдаланылады.

Бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақы қашан тоқтатылады?

Бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы мен бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы Әлеуметтік кодекстің 79 және 81-баптарында көзделген құқық болған жағдайда тағайындалады.

Ал бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақыны төлеу бірнеше жағдайда уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Атап айтсақ:

Шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатының немесе қандас куәлігінің мерзімі аяқталуы да осыған негіз болады. Қаулыда жәрдемақы алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы да төлемді тоқтата тұру негіздерінің бірі ретінде көрсетілген.

Ал бала күтіміне берілетін жәрдемақыны толық тоқтатуға мына жағдайлар негіз болады:

Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы қандай жағдайда тоқтатылады?

Төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының да төлеу тәртібі нақтыланды.

Егер бала колледжде немесе жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде оқуын жалғастырса, ол 23 жасқа толғанға дейін отбасы құрамында есепке алынуы мүмкін.

Мұндай жағдайда жәрдемақы төлеу оқуын жалғастырғаны расталған кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.

Ал 18 жасқа толғаннан кейін колледжге немесе жоғары оқу орнына күндізгі оқуға түскен балаға қатысты төлем оның оқуға қабылданған күнінен бастап қайта жалғастырылуы мүмкін. Бұл талап та 23 жасқа дейін қолданылады.

Дегенмен жәрдемақы алуға негіз болған бала оқу орнынан шығарылса, қайтыс болса немесе толық мемлекет қамқорлығына берілсе, тиісті жәрдемақыны тоқтатуға негіз туындайды.

Сондай-ақ жалған мәлімет ұсыну, ата-ана құқығынан айырылу немесе оның шектелуі, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншылық міндеттерінен босату және Қазақстан азаматтығының тоқтатылуы да төлемді тоқтатуға себеп болуы мүмкін.

“Алтын алқа” және “Күміс алқа” иелерінің төлеміне қатысты қандай талап бар?

Мемлекеттік наградалармен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы бойынша да төлемді тоқтата тұру және толық тоқтату жағдайлары бекітілген.

Егер наградталған ананың банк шотында үш ай немесе одан да көп уақыт шығыс операциялары болмаса, жәрдемақы уақытша тоқтатылады.

Сол сияқты оның Қазақстаннан тұрақты тұру үшін шетелге көшуі, бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі немесе стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету орталығында толық мемлекет қамқорлығында болуы да ескеріледі.

Жәрдемақы алушының хабар-ошарсыз кетуі, сондай-ақ шетел азаматының, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттарының немесе қандас куәлігінің мерзімі аяқталуы да төлемді тоқтата тұруға негіз бола алады.

Ал наградталған аналарға жәрдемақы төлеу мынадай жағдайда толық тоқтатылады:

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы қандай жағдайда тоқтатылады?

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтарға қатысты да бірқатар талап белгіленген.

Біріншіден, алушының банк шотында үш ай немесе одан да ұзақ уақыт шығыс операциялары болмаған жағдайда жәрдемақы уақытша тоқтатылады.

Екіншіден, шетел азаматының, азаматтығы жоқ адамның немесе қандастың тиісті құжаттарының мерзімі аяқталса, төлем тоқтатыла тұруы мүмкін.

Үшіншіден, азамат хабар-ошарсыз кеткен деп танылса немесе оны іздестіру шаралары жүргізілсе, жәрдемақы уақытша тоқтатылады.

Бұдан бөлек, ата-ана құқығынан айыру немесе оны шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншыны өз міндетінен босату немесе шеттету мәселелері де ескеріледі.

Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе азаматтықтан шыққан адамның шетел азаматы ретінде тұруға ықтиярхат алғанға дейінгі жағдайы да төлемге әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ азаматтың Қазақстаннан тыс жерде мүгедектігі бойынша зейнетақы алып жүргені анықталса, бұл да төлемді тоқтата тұруға негіз болады.

Қаулыда медициналық-әлеуметтік сараптамаға жалған құжаттар ұсыну немесе сараптамалық қорытындының негізсіз берілгенін анықтау туралы хаттама рәсімдеу де қарастырылған.

Ал мүгедектігі бойынша жәрдемақыны толық тоқтатуға алушының қайтыс болуы, шетелге тұрақты тұруға көшуі, басқа мемлекеттің уәкілетті органының оның ісін сұратуы немесе азаматтың тиісті құжаттарын ұсынып, төлемді тоқтатуға өзі өтініш беруі негіз болуы мүмкін.

Жәрдемақының негізсіз тағайындалуына себеп болған жалған мәліметтер анықталса да төлем тоқтатылады.

Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы қалай өзгереді?

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтарға қатысты төлемді тоқтата тұрудың бірнеше негізі белгіленген.

Олардың бірі – банк шотында үш ай немесе одан да ұзақ уақыт шығыс операцияларының болмауы.

Сонымен қатар жеке басты куәландыратын тиісті құжаттардың мерзімі аяқталуы, төлем алушының немесе оның асырауындағы адамның хабар-ошарсыз кетуі де ескеріледі.

Егер ата-ана құқығынан айыру немесе оны шектеу туралы шешім қабылданса, бала асырап алу күшін жойса немесе қорғаншы өз міндетінен босатылса, төлем уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Құжатта бұрын хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған адамның тірі екені анықталған жағдайда жәрдемақыны қайта қарауға негіз болатыны көрсетілген.

Мәселен, осындай адамның жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарының немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылғаны анықталса, бұл жағдай тексеруге негіз болады.

Сондай-ақ қайтыс болған асыраушының балаларына, бауырларына немесе немерелеріне күтім жасап жүрген азаматтың жұмысқа орналасқаны анықталса, тиісті жәрдемақы тоқтатыла тұруы мүмкін.

18 жастан асқан жәрдемақы алушының оқу орнынан шығарылуы немесе сырттай оқу нысанына ауысуы да төлемді тоқтата тұруға негіз болады.

Қазақстан азаматтығынан айырылу, басқа мемлекеттен асыраушысынан айырылу бойынша зейнетақы алу фактісінің анықталуы да ескеріледі.

Ал алушының қайтыс болуы, Қазақстаннан тұрақты тұру үшін шетелге көшуі, басқа мемлекеттің уәкілетті органының құжаттарды сұратуы, төлемді тоқтатуға өтініш беруі немесе жәрдемақының негізсіз тағайындалуына әкелген жалған мәліметтердің анықталуы төлемді толық тоқтатуға негіз болады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қашан тоқтатылады?

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібінде де бірқатар жағдай қамтылған.

Мұндай төлем алушының банк шотында үш ай және одан да ұзақ уақыт шығыс операциялары болмаса, уақытша тоқтатылады.

Азамат хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде болса, ата-ана немесе қорғаншылық құқығынан айырылса, Қазақстаннан тұрақты тұру үшін шетелге көшсе, тиісті жәрдемақыны төлеу де тоқтатыла тұруы мүмкін.

Шетел азаматының Қазақстанда тұруға ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мерзімі аяқталуы да осы қатарға кіреді.

Сонымен қатар бас бостандығынан айыру жазасын өтеу, стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету орталығында толық мемлекет қамқорлығында болу және медициналық-әлеуметтік сараптамаға жалған құжаттар ұсыну фактілері ескеріледі.

Жәрдемақы тағайындауға ұсынылған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі де төлемді тоқтата тұруға негіз болады.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындарға қандай талап қойылады?

Бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақының төлеу тәртібі де нақтыланған.

Қаулыға сәйкес, күтім жасаушы адамның банк шотында үш ай немесе одан да ұзақ уақыт шығыс операциялары болмаса, төлем уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Сол сияқты күтім жасаушы хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, оны іздестіру шаралары жүргізілсе немесе жеке басын куәландыратын тиісті құжаттардың мерзімі аяқталса, жәрдемақы тоқтатыла тұрады.

Қорғаншының немесе қамқоршының өз міндетінен босатылуы, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жалған құжат ұсынылғанының анықталуы да есепке алынады.

Сонымен қатар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оған күтім жасайтын азаматтың қылмыстық-атқару жүйесіндегі бір мекемеден екіншісіне ауыстырылуы, сондай-ақ сол мекеменің басқа бөлімшесіне көшірілуі де төлемді уақытша тоқтатуға негіз бола алады.

Ал күтім жасаушыға берілетін жәрдемақыны толық тоқтатуға мыналар негіз болады:

Жерлеуге берілетін біржолғы төлем қанша?

Үкімет қаулысында қайтыс болған азаматты жерлеуге байланысты мемлекет есебінен берілетін біржолғы төлемнің шарттары да көрсетілген.

Егер жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып жүрген азамат қайтыс болса, оның отбасына не жерлеу рәсімін ұйымдастырған адамға республикалық бюджет есебінен біржолғы төлем беріледі.

Бұл төлемнің мөлшері – 35 айлық есептік көрсеткіш (АЕК).

Ал Ұлы Отан соғысының ардагері болған, жасына байланысты зейнетақы алып жүрген азамат қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға 36,6 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған.

Құжатта бұл төлемді тағайындау кезінде де азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалау қағидаты көзделген.

Осылайша, Үкімет бекіткен тәртіп мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің бірнеше маңызды талабын бір жүйеге келтіреді. Әлеуметтік әл-ауқат деңгейі, банк шоттарындағы операциялар, азаматтың құқықтық мәртебесі және жәрдемақы алуға негіз болған жағдайлардың сақталуы төлемді жалғастыруға әсер етуі мүмкін.

Бұл ретте жәрдемақыны уақытша тоқтата тұру оның біржола жойылғанын білдірмейді. Құжатта тиісті талаптар қайта орындалған жағдайда төлемді қалпына келтіру мүмкіндігі де қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ауқатты отбасыларға 14 түрлі жәрдемақы төлеу тәртібі қайта қаралатыны хабарланған еді. Ведомство мәліметінше, әр төлем жеке қарастырылып, әлеуметтік қолдау нақты көмекке мұқтаж азаматтарға бағытталмақ. Осыған байланысты редакция мемлекет табысты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *