Сәтбаев – Қазақстанның ең танымал таланттарының бірі. Ал жаңа буын арасында да үлкен мүмкіндігі бар спортшылар аз емес.

Сәтбаев – Қазақстанның ең жарқын таланттарының бірі, бірақ жалғыз емес. Қазір артынан келе жатқан, болашағынан зор үміт күттіретін буын бар.
Дастан Сәтбаевтың «Қайраттан» «Челсиге» ауысуы – Қазақстан футболы үшін маңызды оқиға. Бұған дейін топ-клубтар қазақстандық футболшыларды сатып алған емес. Ал бұл жолы «Челси» 18 жасқа толмаған ойыншы үшін екі миллион еуродан астам қаржы төледі.
Бұл трансфер Қазақстандағы жасөспірімдер футболы жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістердің аясында жүзеге асты. Бірнеше жыл бұрын бұл бағытқа күтпеген жерден қомақты инвестициялар келе бастады. Соның нәтижесінде жас футболшылардың балалар-жасөспірімдер футболынан ересектер футболына барынша жеңіл әрі жүйелі өтуіне мүмкіндік беретін ауқымды Freedom QJ League жобасы пайда болды.