Қарағанды облысында патрульдік полицейлер өзге біреудің нөмірін тағып, көліктің нақты тіркеу деректерін жасырмақ болған DAF жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісін ұстады

Оқиға 7 қазанда Астана–Қарағанды тасжолында болған. Патрульдік полиция қызметкерлеріне QAJ жүйесі арқылы елордадан Қарағандыға қарай бет алған жүк көлігінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі қолданылуы мүмкін екені туралы ақпарат түскен.

Көлік жолдың 111-шақырымында, Осакаровка кентінің маңында тоқтатылды. Тексеру кезінде полицейлердің күдігі расталды. Жүк көлігінің қазақстандық мемлекеттік нөмірінің үстіне Грузияның тіркеу нөмірі орнатылғаны анықталды.

Жүк көлігі арнайы айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Істі Осакаровка аудандық соты қарап, жүргізушіні бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырды. Сонымен қатар оған әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұхановтың айтуынша, жалған нөмір пайдалану жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасалуы мүмкін.

Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірі көліктің негізгі сәйкестендіру құралы екенін еске салды. Нөмірді ауыстыру, жасыру немесе жалған мемлекеттік нөмір пайдалану заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *