
Қазақстан нешінші орында?
Henley & Partners жаңартылған индексіне сәйкес, қазақстандық паспорт жаһандық рейтингтегі көрсеткіштерін жақсарта түскен.
Егер 2023 жылы Қазақстан 70-орында болса, 2024 жылы — 66-орынға, 2025 жылы — 61-орынға тұрақтап, енді 57-сатыға көтерілді. Осылайша, соңғы 2,5 жылда ел паспорты 13 позицияға ілгеріледі.
Рейтингте еліміз Боливия мен Беларусьтен жоғары орналасқанымен, Косово мен Қытайға жол берді.
Орталық Азияның өзге елдері нешінші орында тұр?
Көршілес елдер арасында Қазақстан тізімнің орта тұсында келеді. Мәселен, Қырғызстан мен Өзбекстан 73-орынды бөлісті — олардың азаматтарына 59 ел визасыз қолжетімді. Тәжікстан 53 елге шығу мүмкіндігімен 79-сатыға жайғасса, Түрікменстан 87-орынға (45 ел) тұрақтады.
Ресей 113 бағытпен 44-орында, Беларусь — 58-орында, Әзірбайжан 67 елмен 66-позицияда орналасты.
Ең қуатты және ең әлсіз паспорттар
Рейтинг көшбасшысы Сингапур атанды — оның паспорты 192 елге визасыз саяхаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Жапония мен Оңтүстік Корея үздіктер қатарында, бұл елдердің азаматтары 187 мемлекетке визасыз бара алады. Толық тізім келесідей:
- Сингапур;
- Жапония;
- Оңтүстік Корея;
- БАӘ;
- Швеция;
- Бельгия;
- Дания;
- Финляндия;
- Франция;
- Германия;
- Ирландия;
- Италия.