Роналду Азия Чемпиондар лигасындағы матчта мансабындағы 981-голын соқты

2026 жылғы 12 қазанда Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы сапында Өзбекстанның «Нефтчи Ферғана» командасына қарсы ойында гол соқты. «Әл-Наср» бұл кездесуде 3:1 есебімен жеңіске жетті. Роналду бірінші таймның 42-минутында есепті 2:0-ге жеткізді. Бұл оның кәсіби мансабындағы 981-голы болды.Роналду осылайша мансабында 1000 гол соғу межесіне жақындай түсті. Оған бұл тарихи көрсеткішке жету үшін тағы 19 гол қажет. 41 жастағы футболшы әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жанкүйерлерін жаңа жетістіктерімен қуантып келеді.