
10 қазанда Астанада өткен кездесуде алғашқы болып қонақтар есеп ашты. Бесінші минутта Наиль Якупов шайба соқты. Алайда көп ұзамай Тайс Томпсон есепті теңестіріп, «Барысты» ойынға қайта қосты.
Екінші кезеңде астаналықтар басымдыққа ие болды. 24-минутта Джастин Бэйли командасын алға шығарса, 37-минутта Мэйсон Морелли есеп айырмасын ұлғайтты.
Үшінші кезеңде Джастин Бэйли екінші шайбасын соғып, командасының басымдығын нығайтты. Ал матчтың 57-минутында Тайс Томпсон бос қақпаға шайба бағыттап, кездесудің қорытынды есебін белгіледі – 5:1.
Осылайша, Тайс Томпсон мен Джастин Бэйли дубль авторы атанды.
Бұл жеңістен кейін «Барыс» 13 матчта 16 ұпай жинап, ҚХЛ Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді. Ал «Авангард» 12 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.
Айта кетейік, бұған дейін «Барыс» «Нефтехимикті» овертаймда 5:4 есебімен жеңіп, «Спартактан» буллиттер сериясында 4:3 есебімен басым түскен еді.
Елордалық клуб келесі кездесуін 12 қазанда өз алаңында Новосібірдің «Сібір» командасына қарсы өткізеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.