М.О. Әуезовтің таңдамалы классикалық туындыларын жариялаудағы басты мақсат – қазіргі заманғы ұлттық құндылықтардың жоғарғы жетістігі ретінде жас ұрпақты көркем әдебиетке қызықтыру. Адамзат ақыл-ойының биік жетістігі болып табылатын М. Әуезовтің көркем мәтіндері бүгінгі әдеби айналымға еніп, жас ғалымдарға, ізденушілерге, тарихшы, қоғамтанушы, әдебиетші мамандарға да қолжетімді болмақ.
М. Әуезовтің бүкіл дүниеге танымал «Абай жолы» роман-эпопеясы мен повестері («Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Көксерек», т.б.), классикалық әңгімелері («Қаралы сұлу», «Қорғансыздың күні», т.б.), драматургиялық шығармалары («Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Дос – бедел дос», т.б.) бес томдық таңдамалы шығармалар жинағына эстетикалық талғам тұрғысынан іріктеліп алынды, жазушы шығармаларының елу томдық толық жинағының негізінде әзірленді. Шығармалардың ең озық нұсқалары таңдалып, бұрынғы басылымдармен салыстырылып, редакциялық сарадан өткізілді.
Редакциялық алқа: Матыжанов К.І. (жауапты редакциясын басқарушы), Әуезов М., Қасқабасов С., Қонаев Д., Пірәлі Г., Қалиева А.Қ., Қыдыр Т.Е., Ахетов М.Қ. (жауапты шығарушы), Ханкей Е.
Пікір жазғандар: Ақыш Н.Б. – филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы; Мұқан А.О. – өнертану кандидаты, театртанушы.
Добавить комментарий