Алманың танымал сортын қалпына келтіру бойынша Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының мамандары жұмыс істейтін болды. Биыл алғашқы ағаштарды отырғызу жоспарланған, ал жобаны іске асыру 2025-2028 жылдарға есептелген.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 25 мың көшет отырғызылатын бақ 110 гектар болады. Қаржыландыру бекітіліп, осы мақсатқа «Астана-20» мемлекеттік қоры 162,8 млн теңге бөлді.
«Қаражат жұмысшылардың еңбегіне, техникаға және қажетті материалдарды сатып алуға жұмсалады. Жұмыстармен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ еншілес ұйымы — Жеміс-көкөніс шаруашылығы ҚазҒЗИ (ҚазҒЗИ) айналысады», деп хабарлады АШМ.
Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, сегіз жылдан кейін Алматы тұрғындары мен қонақтары алғашқы жемістің дәмін татып көре алады. Жас ағаштар 58 келіге жуық алма, ал ересек жеміс ағаштары 100 келіге дейін хош иісті жеміс беретін болады.
АШМ атап өткендей, апорт тасымалдау кезінде қалпын бұзбайтындығымен, ұзақ сақтау мерзімімен ерекшеленеді, бұл инвесторлар үшін тартымды жағдай.
Алматылық апорт қазақстандық бренд ретінде тіркеліп, оған географиялық көрсеткіш берілген.
Добавить комментарий