Аяулым Батырғазы

Менің атым — Аяулым Батырғазы. Қазір ХАТУ да  журналистика мамандығында 3-курста оқимын. Бала кезімнен шығармашылыққа жақынмын, ән айтқанды, фото және видео түсіргенді жақсы көремін. 10 жасымнан бастап түрлі іс-шараларда, тойларда ән айтып келемін. Мектеп кезінде де концерттерге, іс-шараларға белсенді қатысып, жүргізуші болып жүрдім.

Журналистика саласын таңдаған себебім — адамдармен араласқанды, жаңа нәрсе үйренгенді және қызықты оқиғаларды жеткізгенді ұнатамын. Болашақта өзімді телевидениеде, репортаж жасауда, сұхбат алуда және түрлі медиа жобаларда көргім келеді. Сонымен қатар кино саласына да қызығушылығым бар.

Қазір университетте журналистика бойынша білім алып, өзімді осы салада дамытуға тырысып жүрмін. Болашақта жақсы маман болып, өзіме ұнайтын іспен айналысып, ата-анама көмектескім келеді. Сонымен қатар кейін өз бизнесімді ашып, көп елге саяхаттауды да армандаймын.

Менің сүйікті жұлдыздарым

Садраддин

Садраддин Болат (SADRADDIN) — қазақстандық әнші әрі ән авторы. Ол 2003 жылғы 4 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ән айтуды бес жасынан бастаған. Оның әндері әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, тыңдармандарының сүйіспеншілігіне бөленді. SADRADDIN-нің танымал әндері: «Айға қарап», «Qansha kun?», «Ne sebep?», «Sura», «Ana», «Uige», «Basqa adam», «Aman bolshy süigenim», «Kuz» және «Taxi».

 

Тұрар Ыдырыс

Тұрар Ыдырыс — қазақстандық әнші. Ол өзінің ерекше дауысы және әсерлі орындауымен тыңдармандардың ықыласына бөленіп жүр. Оның әндері әлеуметтік желілерде таралып, көпшіліктің назарын аударды. Тұрардың шығармашылығында махаббат, сағыныш және өмір туралы әндер ерекше орын алады. Оның танымал әндерінің қатарында «Sary Qyz», «Армандадым», «Әке», «Өкпелейді», «Жақсы көрем» және «Есіңде ме бұл ән?» бар.

Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртас — қазақстандық эстрада әншісі. Ол 1989 жылғы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Қайрат өнер жолын бала кезінен бастаған. Алғаш рет он жасында Байқоңыр қаласында сахнаға шыққан.Оның әндері көпшілік арасында кеңінен танылып, тыңдармандардың сүйіспеншілігіне ие болды. Әншінің танымал хиттері: «Ауырмайды жүрек», «Байқа», «Ол сен емес», «Алматының түндері-ай», «Сені сүйем», «Қазақша ламбада».

 

СЕРИАЛЫ НТК

Mediakit.kz

© 2026 Mediakit.kz Empowering educators worldwide.

Медиакоммуникациялар кафедрасы студенттерінің практикалық ресурсы