Мен Мадина Батай — Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде » Цифрлық журналистика» мамандығы бойынша 3-курста білім алып жүрген студентпін. Оқу барысында журналистиканың түрлі бағыттарымен танысып, ақпарат іздеу, тақырыпты зерттеу, сұхбат дайындау, мәтін жазу және бейнематериал әзірлеу бағыттарында тәжірибе жинадым.
2026 жылы «Хабар» агенттігінің Алматы филиалында өндірістік практикадан өтіп, телевизиялық журналистиканың жұмыс үдерісіне қатыстым. Практика барысында қоғамдық маңызы бар тақырыптар бойынша ақпарат жинап, кейіпкерлермен және сарапшылармен жұмыс істеп, сұхбаттар, репортаждар мен стендаптар дайындаудан тәжірибие жинадым.
Сонымен қатар халықаралық медиа мектеп аясындағы оқу бағдарламасына қатысып, журналистика, медиа және ақпараттық коммуникация бағытындағы білімін кеңейттім. Ақпаратты терең зерттеуге, өзекті қоғамдық мәселелерді әр қырынан қарастыруға және жинақталған деректі аудиторияға түсінікті әрі мазмұнды жеткізуге қызығушылық танытам. Қазіргі таңда медиа саласының әртүрлі бағыттарын зерттеп, практикалық тәжірибе арқылы өзінің кәсіби қызығушылықтарын айқындап келем.
Бос уақытымда атпен серуендегенді, шабуды жақсы көремін. Ат спорты маған еркіндікті сезіну мен табиғатпен етене болуға әсер етеді.
Садақ ату- дәлдікпен, зейінді және сабырлықты талап ететін спорт түрі. Шаршағанда ойымды тыныштандырып, мақсатыма дәл жетуге септігін тигізеді
Кітап оқығанда өзге әлемге еніп, өзімнің жай күйімді қозғайтын түрлі эмоциялармен, оқиғаларды бастан кешем.
Көбіне көркем әдебиет және психология, шетел әдебиеттерін оқығанды жақсы көремін.
© 2026 Mediakit.kz Empowering educators worldwide.