Мен журналистика мамандығында білім алып жатқан студентпін. Қазіргі уақытта цифрлық журналистика саласын оқып, өз мамандығым бойынша жаңа нәрселер үйреніп жүрмін.
Мен музыка тыңдағанды және фильм көргенді жақсы көремін. Бос уақытымда достарыммен уақыт өткізгенді ұнатамын. Сонымен қатар жаңа жерлерге барғанды, қыдырғанды және қызықты оқиғалардан жаңа әсер алғанды жақсы көремін.
Мен өзімді ізденуге және дамуға тырысатын адаммын. Жаңа нәрселерді үйреніп, өзіме қызықты бағыттарды байқап көрген ұнайды. Болашақта журналистика саласында өз орнымды тауып, өзіме ұнайтын іспен айналысқым келеді.
«Бегущий в лабиринте» — ғылыми фантастика және шытырман оқиғалы фильм. Томас есімді жасөспірім есін жоғалтып, лабиринтте оянады. Ол достарымен бірге қауіптерді жеңіп, шығу жолын іздейді. Фильм достықтың, батылдықтың, бірліктің және үмітті жоғалтпаудың маңызын көрсетеді.
«Дивергент» — ғылыми фантастика және боевик жанрындағы фильм. Болашақта адамдар бес топқа бөлінеді. Басты кейіпкер Трис өзінің ерекше екенін біліп, әділетсіздікке қарсы тұрады. Фильм еркін ойлау, батылдық және өз таңдауыңа сену туралы.
«Сотня» — ғылыми фантастика және драма жанрындағы сериал. Ядролық апаттан кейін жүз жасөспірім Жерге жіберіліп, тірі қалуға тырысады. Сериал адам өмірінің құндылығын, таңдау жауапкершілігін және адамгершілікті сақтаудың маңызын көрсетеді.
The Halloween Biggie Bag is available for a limited time only at participating UK locations.