JOURNALIST AKERKE

Өнер мен спортты қатар алып жүрген жас журналист
2007 жылы 19 ақпан күні Алматы қаласында дүниеге келген Жақсыбай Ақерке Ренатқызы – көп қырлы талантымен ерекшеленетін жас. Ол бала кезінен өнерге, спортқа және шығармашылыққа ерекше қызығушылық танытып, өз дарынын үздіксіз дамытуға тырысып келеді. Бүгінде Ақерке жоғары оқу орнында журналистика мамандығы бойынша білім алуда. Бұл бағытты таңдауына оның бала кезден ақпаратқа, оқиға желісіне және адамдар тағдырына деген ерекше қызығушылығы себеп болған. Ақерке журналист болуды қоғаммен етене байланыста болу, маңызды мәселелерді көтеру және тың идеяларды көпшілікке жеткізу мүмкіндігі деп біледі.
Ол өз саласында тек білім алып қана қоймай, тәжірибе жинақтауға да үлкен мән береді. Ақерке университеттегі түрлі медиа-жобалар мен шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысады. Оның басты мақсаты — кәсіби деңгейін арттырып, болашақта еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында сапалы әрі мазмұнды материалдар дайындай алатын білікті журналист атану.
Журналистикамен қатар Ақеркенің өмірінде өнер мен спорттың де орны ерекше. Ол ән айтуға ерекше қабілетті, сахна мәдениетін жоғары бағалайтын жас өнерпаз. Ән салу — оның көңіл күйін білдірудің, шабыт алу мен өзін танытудың бір тәсілі. Ақеркенің дауыс мәнері мен сахнадағы харизмасы көрермендер назарын бірден аударады. Музыка арқылы ол өмірге деген сүйіспеншілігін, ішкі дүниесінің байлығын жеткізеді.
Сонымен қатар Ақерке – спортта да үлкен жетістіктерге жеткен жан. Ол айкидо спортынан қара белбеу иегері. Бұл жетістік оның табандылығы мен тәртіпке бейімділігінің айқын дәлелі. Айкидо арқылы ол өзін-өзі қорғау тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, рухани тепе-теңдікті, сабырлылық пен ерік-жігерді де дамытқан.

Менің хоббиім

Қара пойс егері

2 сыныптан бастап айналысады қазаіргі таңда қара пойс егері 

Бассейнге бару

2026 жылдан бастап айналысады

Жи маманы

4 жылдық тәжірбиесі  бар маман 2022 жылдан бері көп деген проектімен айналысаы 

Рилсмейкер

2020 жылдан бері айналысады осыға дейін 10   нан астам проектімен жұмыс жасаған 

Менің көрген сериялдарым

саяси жаңалықтарым

Mediakit.kz

© 2026 Mediakit.kz Empowering educators worldwide.

Медиакоммуникациялар кафедрасы студенттерінің практикалық ресурсы