Нұрай Икина

Мен, Нұрай Икина. 2007 жылдың 28 наурызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келгенмін. Балалық шағым туған өлкемнің теңіз иісі аңқыған, еңбекқор адамдарымен танылған Арал жерінде өтті. 11 жыл бойы №220 орта мектептің қабырғасында білім алып, мектеп өмірінің белсенді оқушысы болдым.
Қазіргі таңда, Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің журналистика факультетінде 2-курс студентімін.

Университет қабырғасында алған білімім мен тәжірибемнің арқасында сюжет түсіру мен репортаж жасаудың қыр-сырын меңгеріп келемін. Болашақта қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, тың тақырыптарды терең зерттей білетін, сөзі өтімді, ойы ұшқыр журналист атанғым келеді.

Журналистика – мен үшін жай мамандық емес, өмірлік бағыт. Себебі бұл сала маған адамдармен тіл табысуды, қоғамдағы оқиғаларға бейжай қарамауды және өз ойымды ашық жеткізуді үйретеді.

Алдағы мақсатым – өз мамандығымды терең меңгеріп, кәсіби журналист ретінде қалыптасу. Сонымен қатар шетел тілдерін меңгеріп, әлем елдерін аралап, түрлі мәдениеттермен танысып, ерекше тақырыптарда қызықты репортаждар дайындағым келеді.

Бос уақытымда кітап оқығанды, жаңа адамдармен танысып, заманауи медиа саласындағы жаңалықтарды зерттегенді ұнатамын. Мен үшін әр күн – жаңа мүмкіндік, әр қадам – үлкен арманға апарар жол.

«Интерстеллар» фильмі ғарышқа саяхат жасап, адамзатқа жаңа мекен іздеген адамдар туралы. Фильмде Купер есімді басты кейіпкердің отбасы мен балаларын тастап, адамзатты құтқару үшін ғарышқа аттануы көрсетіледі. Олар басқа планеталарды зерттеп, адам өміріне қолайлы жер іздейді. Ғарыштың көріністері, планеталар және қара құрдым өте әдемі көрсетілген. Сонымен қатар, фильмде әке мен баланың арасындағы махаббат, отбасы үшін жасалған құрбандық және уақыттың маңызы жақсы көрсетілген.

Жарығым-ай

«Жарығым-ай» фильмі — адамдардың өмірі, сезімі және бір-біріне деген қарым-қатынасы туралы фильм. Фильмде кейіпкерлердің басынан өтетін қиындықтар мен олардың өміріндегі маңызды сәттер көрсетіледі.

Маған бұл фильм ұнады, себебі оқиғасы қызықты және мағыналы. Кейіпкерлердің сезімі мен өмірі шынайы көрсетілген. Фильмді көрген кезде кейбір жағдайлар маған әсер етті және адамға жақын адамдардың қадірін түсінуге көмектеседі. Сондықтан бұл фильм маған ұнады.

Бүркітші

«Бүркітші» тек қылмыс туралы фильм емес, оның ішінде қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалады. Әсіресе жасөспірімдер тағдыры, зорлық-зомбылық, әділдік және қылмыстың себептері көрсетіледі. Маған фильмнің ұлттық тақырыпты, яғни бүркітшілік дәстүрін заманауи детективтік оқиғамен байланыстыруы қызық болды. Сонымен қатар, фильмдегі тергеу барысы арқылы оқиғаның шындығын біртіндеп ашу тәсілі назарымды аударды. Сондықтан осы фильмді таңдап, оның көтерген мәселелерін және көрерменге беретін ойын талдағым келді.

Mediakit.kz

© 2026 Mediakit.kz Empowering educators worldwide.

Медиакоммуникациялар кафедрасы студенттерінің практикалық ресурсы