Мен — ХАТУ-дың (IITU) 3-курс журналистика мамандығының студентімін, цифрлық журналистика және медиа саласына қызығушылығым жоғары. Журналистика бойынша түрлі жобаларға, форумдар мен шығармашылық іс-шараларға қатысып, практикалық тәжірибе жинақтап келемін. IT Fest 2025 «Cinema and Media» байқауында 2-орын алып, Centras Leadership Challenge жобасында финалист атандым. Сонымен қатар телебағдарламаларға қатысып, сұхбат, репортаж, SMM және контент жасау бағыттарында тәжірибе жинадым. Коммуникация, командамен жұмыс, жауапкершілік, креативтілік және жаңа нәрсені тез үйрену қабілеттерімді өзімнің басты кәсіби қасиеттерім деп санаймын. Болашақта цифрлық журналистика саласында дамып, заманауи медиаға өз үлесімді қосуды мақсат етемін.
Хобби
Бос уақытымда құлаққаппен әртүрлі жанрдағы музыка тыңдағанды жақсы көремін. Музыканы көңіл-күйіме қарай таңдаймын, сондықтан белгілі бір жанрмен шектелмеймін. Музыка маған демалып, ойымды жинақтауға көмектеседі.
Кітап оқығанды ұнатамын. Кітапты көбіне қазақ тілінде оқимын және әртүрлі жанрларға қызығамын. Сериал көру арқылы жаңа оқиғалар мен кейіпкерлерді зерттеген ұнайды. Бұл хоббилерім бос уақытымды қызықты өткізуге және жаңа нәрселер үйренуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу тәртібі өзгерді Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу тәртібі өзгерді. Енді құжаттарда қателер анықталған жағдайда өтініш берушіге оларды түзетуге уақыт беріледі және ...
2027 жылдан бастап 10 жәрдемақы бойынша жаңа ереже күшіне енеді: Кімдер ала алмайды Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, төлеу, уақытша тоқтату және қайта жалғастыру тәртібі нақтыланды. Енді әлеуметтік төлемдердің бірқатар түрін ...
Келесі жылдан бастап 10 жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді 2027 жылға арналған жәрдемақы төлеу тәртібі бекітілді АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Үкімет жәрдемақыларды тағайындау шарттарын бекітті. Қаулыға сәйкес, тізімге 10 түрлі ...