Ақмарал Үсен

Ақмарал Үсен – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 2-курс студенті, «Цифрлық журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Ол – шығармашылық ізденісі жоғары, заманауи медиа кеңістікте өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан жас журналист.

Ақмарал университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласып, студенттік «Ашық жүрек» еріктілер ұйымының мүшесі ретінде түрлі әлеуметтік бастамаларға қатысады. Қоғамдық жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті ұштастыра отырып, ол жастар арасында еріктілік мәдениетін насихаттауға үлес қосып келеді.

Оқу барысында кәсіби біліктілігін дамытуға ерекше көңіл бөлетін студент халықаралық және республикалық деңгейдегі жобалар мен байқауларда өз қабілетін танытып жүр. Атап айтқанда, Centra’s Leadership Challenge жобасының финалисті атанып, көшбасшылық қабілетін дәлелдесе, IT FEST байқауының «Кино және медиа» секциясында жүлделі II орын иеленді. Сонымен қатар, «Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, кәсіби ортада тәжірибе жинақтады.