Ақмарал Үсен

Ақмарал Үсен – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 2-курс студенті, «Цифрлық журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Ол – шығармашылық ізденісі жоғары, заманауи медиа кеңістікте өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан жас журналист.

Ақмарал университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласып, студенттік «Ашық жүрек» еріктілер ұйымының мүшесі ретінде түрлі әлеуметтік бастамаларға қатысады. Қоғамдық жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті ұштастыра отырып, ол жастар арасында еріктілік мәдениетін насихаттауға үлес қосып келеді.

Оқу барысында кәсіби біліктілігін дамытуға ерекше көңіл бөлетін студент халықаралық және республикалық деңгейдегі жобалар мен байқауларда өз қабілетін танытып жүр. Атап айтқанда, Centra’s Leadership Challenge жобасының финалисті атанып, көшбасшылық қабілетін дәлелдесе, IT FEST байқауының «Кино және медиа» секциясында жүлделі II орын иеленді. Сонымен қатар, «Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, кәсіби ортада тәжірибе жинақтады.

Мен көрген фильмдер

«Big World» — адамның физикалық мүмкіндігі оның өмірдегі арманы мен мақсаттарын шектемеуі керектігін көрсететін әсерлі фильм. Картина церебралды сал ауруы бар Лю Чуньхэнің өмірі, оның өз мүмкіндіктерін дәлелдеуге ұмтылысы және жақындарының қамқорлығы арқылы адам еркіндігі, отбасы және өзін-өзі табу мәселелерін қозғайды. 

Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі — қазақ киносының көрнекті туындыларының бірі. Музыкалық комедияда қарапайым әрі мейірімді география пәнінің мұғалімі Тайлақтың өмірі мен оның анасы Тананың баласының үйленуіне алаңдауы баяндалады. Тана ұлына жар іздеп жүріп, өзі де өмірлік серігін кездестіреді. Ал Тайлақ Айша есімді қызға ғашық болады, бірақ олардың қарым-қатынасына өткендегі оқиғалар кедергі келтіреді.

"BIG WORLD" (2024)
"ТАҚЫРЫП ПЕРІШТЕ " (1968)

Фильм

Саяси жаңалықтар

Мәдени жаңалықтар