Менің есімім Альбина. Мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) 3-курс студентімін. «Цифрлық журналистика» мамандығында білім аламын.
Мен үшін журналистика — жаңа адамдармен танысуға, түрлі ортада тәжірибе жинауға және әлемге басқа қырынан қарауға мүмкіндік беретін сала. Маған күнделікті өмірдегі қызықты сәттерді байқап, оларды өзгелермен бөліскен ұнайды. Әр адамның өзіне тән тарихы бар, ал сол тарихты көрерменге әсерлі жеткізу — мені қызықтыратын дүниелердің бірі.
Өзіме жаңа мақсаттар қойғанды және сол мақсаттарға біртіндеп жеткенді ұнатамын. Университетте алған білімімді тәжірибеде қолданып, түрлі жобаларға қатысу арқылы өз мүмкіндіктерімді сынап көргім келеді. Сонымен қатар командамен жұмыс істеу, жаңа идеяларды талқылау және шығармашылық шешімдер табу мен үшін маңызды.

Хобби және қызығушылықтар:

Мен бос уақытымда ән айтуды, сурет салуды, тауға шығуды, билеуді және тамақ дайындауды ұнатамын. Бұл қызығушылықтар маған жаңа әсер алуға, шығармашылық қабілетімді дамытуға және белсенді өмір салтын ұстануға көмектеседі. Әрбір хоббиім маған ерекше қуаныш сыйлайды.

 

Босфор жағасындағы ұмытылмас күндер

Ыстамбұл: екі құрлық, мың тарих

Мен Түркияның әсем қаласы Ыстамбұлға саяхаттап бардым. Қала мені Босфор бұғазының көрінісімен, ерекше сәулетімен және тарихи ғимараттарымен таңғалдырды. Мұнда Еуропа мен Азияның мәдениеті ерекше үйлесім тапқан.

 

Батуми — теңіз жағасындағы кішкентай ғажайып

Батуми — Қара теңіз жағасындағы менің ертегім

Батумидің мәдениеті өте бай. Мұнда грузин халқының ұлттық дәстүрлері, музыкасы мен тағамдары ерекше орын алады. Маған жергілікті адамдардың қонақжайлығы, мейірімділігі және ашық мінезі ұнады.