Ақылбек Ақнұр

Мен — ХАТУ (IITU) университетінің 3-курс студентімін, мамандығым — цифрлық журналистика. Медиа, журналистика және контент жасау салаларына ерекше қызығушылық танытамын. Университет қабырғасында түрлі шығармашылық жобаларға, форумдар мен медиа іс-шараларға қатысып, теориялық білімімді тәжірибемен ұштастырып келемін.

2025 жылы IT Fest «Cinema and Media» байқауында 2-орын иеленіп, Centras Leadership Challenge жобасында финалист атандым. Сонымен қатар телебағдарламаларға қатысып, сұхбат алу, репортаж дайындау, SMM және әлеуметтік желілерге арналған контент жасау бағыттарында тәжірибе жинадым.

Өзімді жауапкершілігі жоғары, командамен жұмыс істей алатын, креативті және жаңа нәрсені тез меңгеретін студент ретінде бағалаймын. Ақпаратты іздеу, оны талдау және аудиторияға түсінікті әрі қызықты түрде жеткізу маған ұнайды. Алдағы уақытта цифрлық журналистика бағытында кәсіби тәжірибемді арттырып, заманауи медиа саласында өз орнымды қалыптастыруды мақсат етемін.

ХОББИ

Сурет салу

Бос уақытымда сурет салғанды ұнатамын. Бұл маған шығармашылық ойымды дамытуға және жаңа идеяларды визуалды түрде жеткізуге көмектеседі.

Кітап оқу

9

Кітап оқу арқылы жаңа дүниелерді танып, ой-өрісімді кеңейтемін. Әсіресе көркем әдебиет пен детектив жанры қызықтырады.

Ән тыңдау

11

Бос уақытымда музыка тыңдағанды жақсы көремін. Ән тыңдау маған демалып, көңіл-күйімді көтеруге және жаңа идеялар табуға көмектеседі.

Популярные треки

Радость

Sadraddin,Andro

Әдемі

Kairat Nurtas

Карамель

RaiM

Aldamaisyn-Live

Duman

Zhanarym
Yerbolat Qudaibergenov

Ненавидеть

Милена MIBREOO,Давид Туров

Mediakit.kz

© 2026 Mediakit.kz Empowering educators worldwide.

Медиакоммуникациялар кафедрасы студенттерінің практикалық ресурсы