Мирас Ералы

Мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) 3-курс студентімін. «Цифрлық журналистика» мамандығында білім алып, журналистика саласында өзімді жан-жақты дамытуға тырысып жүрмін.

Журналистикаға қызығушылығымның басты себебі — адамдардың оқиғасын көрерменге қызықты әрі түсінікті жеткізу. Әсіресе спорт тақырыбына қызығамын. Футболды жақсы көремін және спорттық оқиғаларды түсіру, репортаж жасау, сұхбат алу маған ұнайды.

Оқу барысында фото және видео түсіру, ақпарат жинау, сұхбат жүргізу, жаңалық дайындау сияқты дағдыларымды дамытып келемін. Практика кезінде түрлі спорттық жарыстарды түсіріп, материал дайындау арқылы камера операторы мен режиссерлік бағыттың да маған жақын екенін түсіндім. Маған шығармашылықпен жұмыс істеу, жаңа идея ойлап табу және көрерменге ерекше контент ұсыну ұнайды.

Бос уақытымда футбол ойнағанды және көргенді, спортпен айналысқанды ұнатамын. Сонымен қатар жаңа жобалар ойлап тауып, медиа саласындағы заманауи форматтарды зерттеуге қызығамын.

Болашақта өз саласында ерекшеленетін кәсіби маман болып, заманауи әрі сапалы медиа жобалар жасау — басты мақсаттарымның бірі. Өз білімім мен тәжірибемді үнемі жетілдіріп, журналистикада өз қолтаңбамды қалыптастырғым келеді.

Мен үлгі тұтатын спортшылар

Генадий
Головкин
(GGG)

Геннадий Головкин — Қазақстанның әлемге танымал кәсіпқой боксшысы. Ол GGG лақап атымен белгілі.Кәсіпқой бокста Геннадий Головкин бірнеше әлемдік чемпиондық белбеуді иеленіп, көптеген жекпе-жекте жеңіске жетті.

Криштиану Роналдо
(CR7)

Криштиану Роналду — әлемге әйгілі португалиялық футболшы.CR7 лақап атымен танымал. Роналду шабуылшы позициясында ойнайды және өзінің жылдамдығымен, күшті соққыларымен, дриблингімен және гол соғу шеберлігімен ерекшеленеді.

Гарет Бэйл
(GB11)

Гарет Бейл — Уэльстен шыққан елінің капитаны,танымал кәсіби футболшы. Ол өзінің жылдамдығымен және соққыларымен күшті сонымен қатар  алаңдағы шеберлігімен танымал. Бейл «Тоттенхэм» және «Реал Мадрид» сияқты әйгілі клубтарда ойнаған. 

Лига чемпионов возвращается сегодня! Выбирайте букмекера и следите за топ - футболом


Надежные партнеры Спортса».

Киву в "Интере" доказывает:
психология иногда важнее тактики

 

«Он обнимает меня чаще,чем жена».

КХЛ может побить свой рекорд.Ждем среднюю посещаемость в 8 тысяч зрителей?

 

Ждем 6 миллионов зрителей в регулярке.