Бағдат Ақнұр

Журналист | Контент-мейкер | Медиа және коммуникация

📍 Алматы, Қазақстан
📞 Телефон: [+7 747 676 43 26]
✉️ Email: [aknrbagdat7@gmail.com]

МАҚСАТЫ

Медиа, журналистика, PR және контент өндірісі саласында кәсіби тәжірибе жинақтап, шығармашылық қабілеттерімді заманауи медиа жобаларда қолдану. Ақпаратты зерттеу, мәтін жазу, бейне контент дайындау және аудиториямен коммуникация бағыттарында даму.

БІЛІМІ

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті 
Журналистика мамандығы
2024 – қазіргі уақытқа дейін

* Мемлекеттік грант негізінде білім алудамын
* Қазақ журналистикасының тарихы, медиа, PR және коммуникация бағыттары бойынша білім аламын

ЖЕТІСТІКТЕР

* IT Fest 2025 — фильм және видео бағыты бойынша 2-орын
* Centras Leadership Challenge — топ-10 команданың қатарына кіру
* IT Nation 2024 — жеңімпаз
* Университетте ректор гранты / білім гранты негізінде оқу




ZUYLDAQ - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫ

ZUYLDAQ — журналистика бағыты бойынша шығармашылық емтиханға дайындалатын 10–11 сынып оқушыларына арналған авторлық білім беру курсы. Курстың негізін қалаушы ретінде оқу бағдарламасын әзірлеп, сабақтарды ұйымдастыру, оқушылармен жұмыс жүргізу, оқу материалдарын дайындау және әлеуметтік желідегі контент пен жарнаманы жүргізу жұмыстарымен айналысамын. Курс аясында оқушылар эссе, мақала, репортаж жазу, шығармашылық тапсырмаларды орындау және журналистика мамандығына арналған портфолио дайындау бағыттары бойынша дайындалады. 



ЕВРОПАҒА САЯХАТ

ЕВРОПАҒА САЯХАТ

       

Польшадағы Адам Мицкевич университетінің Media School бағдарламасы Өндірістік практика барысында Польшадағы Адам Мицкевич университетінде ұйымдастырылған Media School бағдарламасына қатыстым. Бағдарлама аясында профессорлардың дәрістерін тыңдап, тарихи және мәдени тақырыптарды зерттедім, поляк фильмдері мен медиа материалдарын талдадым. Сонымен қатар қазақ және поляк мәдениеттерінің ұқсастықтарымен танысып, халықаралық ортада топтық талқылауларға қатысып, медиа және мәдениетаралық коммуникация бағытындағы білімім мен тәжірибемді кеңейттім.



ФИЛЬМДЕР

Менің ең сүйікті фильмдерім

photo_5348353131550546274_x
Сүйікті фильмдерім — «Крёстный отец» және «Лицо со шрамом». Бұл фильмдердегі кейіпкерлердің мінезі, оқиғаның дамуы, режиссурасы және атмосферасы маған ерекше әсер етеді. Әсіресе кейіпкерлердің шешімдері мен олардың таңдауының оқиғаға ықпалын талдағанды ұнатамын. Киноны тек көңіл көтеру құралы емес, адам психологиясын, қоғамды және адам арасындағы қарым-қатынасты түсінудің бір тәсілі ретінде қабылдаймын.
 
 



САЙТ

                        Forbes